Лига жеңімпаздары марапатталды

Бүгін ауданда «Исатай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы ұйымдастырған оқушылар арасындағы аудандық ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары марапатталды.

Жарыстың қорытындысы бойынша 149 ұпаймен Х.Нәубетов атындағы орта мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Ал, 165 ұпаймен Аққыстау орта мектебі командасы ІІ-орынға, 168 ұпай жинаған Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі командасы ІІІ-орынға ие болды. Сайыстың марапатын аудан әкімінің орынбасары Н.Әбежан жеңімпаз атанған мектептердің басшыларына өз қолымен табыстады.

e

Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құрманғалиева оқушылар арасындағы аудандық ұлттық мектеп лигасының өтуіне үлкен үлес қосқан дене тәрбиесінің бір топ ұстаздары мен спорттық жарыстарда жеткен жетістіктері үшін бір топ оқушы спортшыларға арнайы «Алғыс хатын» тапсырды.

u

Әлем кубогінің жеңімпазы, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Барыс» спорт клубының спорт нұсқаушысы Еркебұлан Қуанғалиев «Исатай ауданының Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521