«Лото» заңға бағынбай ма?

Карантиндік шектеу шаралары дейміз-ау, шектеліп жатқандар аз, бірақ. Көбі босаңсып алған, тіпті, тыйым салынған орындардың жұмыс жасап жатқандары да бар.

Исатай ауданы әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ мүшелері 7 желтоқсан күні рейдтік шараларын жалғастырды. Кәсіпкерлік нысандардың санитариялық талаптарды сақтауын қадағалаған топ рейд кезінде Аққыстау ауылында орналасқан «Лото» ойын клубының шектеу шараларына қарамастан, жұмыс жасап жатқандығы анықтады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Полиция қызметкерлері мен мобильдік топ мүшелері келушілер мен клуб қызметкерлерінен түсініктеме алды. Жинақталған құжаттар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Түнгі уақытта жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандар кездескен жоқ» делінген хабарламада.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521