Ұлттық спорт ұлықталды

Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес 20 наурыз — ұлттық спорт түрлері насихатталатын күн.

  Осы орайда Исатай аудандық білім бөліміне қарасты «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру  даярлық клубы мен аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында спорттық шара өткізілді.
Шарада сөз алған аудан әкімі Нұрым Мусин көпшілікті мерекемен құттықтап, бұл күннің маңызына тоқталды. 
Сайыс асық ату, белбеу күресі, арқан тартыс, тартыспақ, ләңгі тебу, гір тасын көтеру секілді ұлттық ойын түрлерінен өтті.
Әр мектептен оқушылар белсене қатысқан жарыс өте тартысты болды. Командалық есеп бойынша жеңімпаз атанғандар арнайы марапатталды. Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен жекелеген ойыншылар да жүлделі орындарға ие болды.

 

Сағыныш Қайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521