«Мұғалімдер уатсаптан бас алмай қалды». Қ.Тоқаев олқылықтарды сынға алды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында бірқатар кемшіліктерді атап өтті.

Білім күні жарияланған Жолдауда білім саласына қатысты көптеген мәселе қозғалды. Әсіресе, пандемия кезінде қашықтықтан оқытудағы қиындық көпті әбігерге салғанын жасырмаған Президент әлі күнге сапалы бір де бір онлайн платформаның жоқтығын сынға алды. «Мұғалімдер уатсаптан бас алмай қалды» деген Қ.Тоқаев бірыңғай білім беру платформасын қалыптастыру қажеттігін айтып, тиісті салаларға тапсырма берді. «Балалар қай жерде болмасын, қай тілде сөйлемесін, сапалы білім алуға тиіс» деген Мемлекет басшысы оларға жағдай жасау қажеттігіне тоқталды. Ұстаздар қауымының еңбегі де еленеді. Президент мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға өсіру туралы шешім қабылдағанын да айтып өтті.

Айта кетейік, бүгін, яғни 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521