М.Досмұхамбетов «Үздік іскер-шаруа әкімді» қабылдады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов биыл елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «үздік ауыл әкімі» республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған ауыл әкімін қабылдады,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиевті «үздік іскер-шаруа әкім» номинациясына ие болуымен құттықтап, аймақтың мерейін асырғаны үшін Алғыс хат табыс етті.

«Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы биыл елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған болатын. Негізгі мақсаты - ауылдық елді мекендердегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосып отырған үздік ауыл әкімдерін анықтау. Аталған жарысқа өңір атынан қатысқан Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиев «үздік іскер-шаруа әкім» номинациясына ие болды.

- «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы елімізде алғаш рет өткізіліп отырған маңызды дода. Сізді жоғары деңгейде ұйымдастырылған осындай айтулы шарада бақ сынап, үздіктер қатарынан көрінуіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ, өңір абыройын асқақтатып, тек облысымыздың ғана емес, республикалық деңгейде мемлекеттік қызметшілерге үлгі көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіремін. Байқауға ұсынған «Құмды аймақтарда мал шаруашылығын дамытудағы су мәселесі» туралы жобалық-жоспарыңыз расында өңірімізге ғана емес, елімізге керекті маңызды жобалардың бірі деп есептеймін, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521