М.Досмұхамбетов Исатай ауданының жаңа әкіміне тапсырмалар берді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданының жаңа басшысына тапсырмалар берді.

Актив жиынында ауданның жаңа әкімін таныстырған аймақ басшысы оған алдағы міндетерді атап, оларды шешу жолында табанды еңбек етуді тапсырды. - Исатай ауданы - облысымыздың мұнай-газ саласында мамандандырылған, сонымен қатар мал шаруашылығын да дамытып келе жатқан айтулы аудандардың бірі. Ауданды көркейту, абаттандыру бағытында көптеген жұмыстар жасалды, алда тұрған біраз міндеттер де бар. Осыған орай аудан бойынша көңіл бөлуді қажет ететін бірқатар мәселелерге тоқталамын, - деді облыс әкімі.

- Ауданда озық технологияларды енгізе отырып, мал басын соның ішінде асыл тұқымды мал басын көбейту бойынша нақты шараларды қарастырып, шаруа қожалықтарына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыру, сапалы табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерін заманауи жаңа жобаларды іске қосу шараларын қарастыру, республикалық және ауылішілік жол құрылыстарын сапалы жүргізілуін, жол сервистік нысандарының дамуы, инфрақұрылымдарды одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қажет.

Осылай деген аймақ басшысы ауданда көптеген білім беру ұйымдарының жағдайы көңіл бөлуді қажет ететінін ерекше атап, осы мәселелерді облыстық білім беру басқармасымен бірлесе отырып шешуді тапсырды.

– Жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту – аудан әкімінің негізгі қызметінің бірі. Осы орайда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе отырып, халықты жұмыспен қамту мәселесін басты назарда ұстау қажет. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс, қолайлы орта қалыптастыру жағдайы ескертілуі тиіс. Ауданға инвестиция тарту мәселесі де тың серпінді қажет етеді. Шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру керек, - деді Махамбет Досмұхамбетов. Өңірдегі каналдар мәселесін де қозғаған аймақ басшысы ауданның жаңа әкіміне экономика және бюджеттік жоспарлау, құрылыс басқармаларымен бірлесіп, каналдарды күрделі жөндеу жұмыстары үшін қажетті қаражатты бөлу мәселесі бойынша нақты ұсыныс беруді тапсырды, және өзге де жұмыстарды аудандық мәслихат депутаттарымен, халықпен бірлесіп атқаруға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін ауданды 4 жылға жуық басқарған Марат Мурзиев өңіраралық ішкі ротациялауға сәйкес, басқа жұмысқа ауысуына байланысты Исатай ауданы әкімі лауазымынан босатылып, орнына Полымбет Максимұлы Хасанов тағайындалған болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521