Мұғалім мен дәрігердің айлығын жыл сайын 25-30 пайызға көтеру арқылы екі есе өсірдік - Үкімет

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында еліміздің адам құқықтары саласындағы реформаларды сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Адамдар – инфрақұрылымға» қағидатын бекіте отырып Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары іске асып жатыр. Осы қағидаға сәйкес біз ауылдардағы, моно және шағын қалалардағы инфрақұрылым деңгейін базалық стандарттарға жеткізетін боламыз. Аралас сайлау жүйесіне көштік. Қазақстанда адам құқықтарын қорғау саласында өлім жазасы біржола жойылды», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, өңірлермен бірлесіп, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың кешенді жоспары іске асып жатыр.

Қазіргі уақытта жаңа, бос және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 600 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың жартысы – жастар.

Президенттің жастарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту мәселелері туралы тапсырмалары ерекше орын алады.

Жастардың жас шамасы 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде 5,7 млн адам мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады.

Биыл олардың 9 мыңға жуығы, соның ішінде әлеуметтік осал топтардағы жастар, 2,5%-пен жеңілдікті кредит, өтеусіз грант алып, өз ісін ашты.

«1,2 млн азаматтық қызметкердің жалақысын 2 есеге арттыру міндеті қойылды. Сондықтан біз жыл сайын мұғалімдердің жалақысын 25%-ке, дәрігерлердің жалақысын 30%-ке, орта медициналық персоналдың және басқа санаттағы жұмыскерлердің жалақысын 20%-ке арттырып келеміз. Шамамен 2 мыңнан астам кәсіпорынмен жұмыс жүргізілді. Нәтижесі бойынша жұмыс берушілер 1 млн астам жұмысшылардың жалақысын 10%-тен 50%-ке дейін арттырды», - деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521