Мәулен Әшімбаев: Қаңтарда қаза болғандардың рухына тағзым ету – азаматтық парыз

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бір жыл бұрынғы Қаңтар оқиғасы жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қасіретті қаңтар оқиғасына бір жыл толып отыр. Елдігімізге қауіп төндірген бұл оқиға тарихымыздың қайғылы парағы ретінде жазылды. Сол кезде шеруге шыққан халықты өз мүдделеріне пайдаланғысы келген қылмысты топтың мақсаты қандай болғаны қазір анықталып жатыр. Олар арандату арқылы ел іргесіне сызат түсіріп, жымысқы әрекеттерін іске асыруды көздеді. Алайда, елдің бірлігі мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл шешімдерінің арқасында біз бұл сын-қатерді еңсеріп, кешенді реформаларды қолға алдық. Соның аясында халықтың әділеттілікке деген талабы мемлекеттік саясаттың негізгі тірегіне айналды», - деп атап өтті Сенат спикері.

Мәулен Әшімбаевтың пайымынша, қазіргі таңда әділеттілік қағидасын өмірдің барлық саласына енгізу үшін табанды жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Осы ортақ мақсатты іске асыруда бізге ұлт болып ұйысу қажет. Бұл – мемлекеттілікті нығайту және қасіретті күндердің қайталанбауы үшін аса маңызды міндет. Шын мәнінде, біз осы оқиғаны әрдайым санада сақтап, одан сабақ алуға тиіспіз. Қаңтарда қаза болғандардың рухына тағзым ету – біздің азаматтық парызымыз. Бұл – еңселі елдіктің және бекем бірліктің белгісі. Енді тарихымызда мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбасын», - дейді Мәулен Әшімбаев.

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика