Мәжілістің жалпы отырысы қаңтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың ауызша жауабы тыңдалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан тура бір жыл бұрын қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз жандар нақақтан қаза болды. Бүгінгі жалпы отырысымызды қаңтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан бастауды ұсынамын», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінде қаңтар оқиғасына қатысты Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырды.

Атап айтқанда, былтыр қаңтарда полиция департаменттерінен, қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару мен оқ-дәрі және басқа да заттар көрмеге жеткізілген.

Бұл қару-жарақтың барлығы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдардан тәркіленген болатын.

 


Сурет: видеодан алынған кадр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз