Маңызды мәселелер қаралды

Дүйсенбі күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбежанның төрағалығымен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті.

Комиссия мүшелері мен бөлім басшыларының қатысуымен өткен отырыста күн тәртібінде белгіленген бір мәселе қаралды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов жастар тәрбиесі және олардың теріс ағымға еліктеушілігінің алдын алу жұмыстары туралы хабарлама жасады.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 4 айында аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесе 21 шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар діни сауаттылықты арттыруда Атырау облыстық Дін істері бас-қармасы Ақпараттық талдау және «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталықтарының теолог мамандарымен аудан көлеміндегі ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер өткізілген. Жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған әр жұма, сенбі сайын спорттық, мәдени шараларын жүзеге асыру жолға қойылған.

Бұл тұрғыда аудандық білім бөлімінің басшысы Айбатыр Бекіш те 2017-2018 оқу жылы бойынша аудан орта мектептерінде дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау мақсатында жоспар жасақталып, жұмыстар жүргізілгеніне, барлық білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, қосымша білім беру ұйымдары да оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 340 бейнебақылау құрылғыларымен қамтылғанына тоқталды. Сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу бағыты бойын-ша ата-аналармен кездесулер, оқушыларға психологтар түсінік жұмыстарын жүргізіп, сауалнама таратып, тренингтер өткізілгенін атап өтті. Сауалнамалардың қорытындысы бойынша балалардың мінез-құлқынан теріс діни көзқарасты ұстанушылық байқалмағанын жеткізді.

Жиында аудандық орталық аурухананың статистигі, аудит дәрігер Ләззат Қуанышева теологтармен кездесу барысында екпе алмаған балалардың саны республика бойынша 80 мыңға жуықталғанын ескерткенін, ал аудан көлемінде де өткен жылғы көрсеткішке қарағанда екпе алмағандар саны көбейіп отырғандығы жайында мағлұмат берді.

Суреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521