Мәди Өтеғалиев «Үздік іскер-шаруа әкім» атанды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы аяқталды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған додада «Үздік іскер-шаруа әкім» номинациясы жерлесіміз, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиевке табысталды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жаилғанованың атынан грамоталармен, дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталған.

Айта кетейік, конкурс екі кезеңнен тұрды. Республикалық байқаудың бірінші кезеңі облыстық деңгейде өтті. Еліміздің 14 өңірінен келген үздік әкімдер республикалық байқауға жіберілді. Мәди Өтеғалиев осы байқаудың облыстық кезеңінен топ жарған болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT