Мәди Өтеғалиев үздік әкім атанды

Өткен аптаның соңында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының Атырау облысындағы өңірлік кезеңдегі жеңімпазы анықталды.

Жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу мақсат тұтылған республикалық конкурстың I кезеңі саналатын сынға 8 ауыл әкімінен өтініш түсіпті. Олардың арасынан соңғы кезеңге комиссия шешімімен 3 ауылдық округ әкімі өтіп, нәтижесінде ауданымыздан қатысушы Тұщықұдық ауылдық округі әкімі Мәди Рахымұлы Өтеғалиев үміткерлермен жеке әңгімелесуде, мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы мәселелері, әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы бойынша қызметі, жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасындағы сауалнама қорытындысы саралау мен «Үздік ауыл әкімі» атағына мен неге лайықпын» тақырыбындағы эссені бағалауда әріптестерінен озық көрінді.

Сөйтіп, ауылдық округ әкімдерінің арасынан «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының I кезеңінің жеңімпазы танылған Тұщықұдық ауылдық округі әкімі М.Өтеғалиев өңірлік конкурстық комиссиямен ІІ кезеңге, яғни республикалық деңгейге жіберілді.

Жерлесімізді осынау жеңісімен құттықтап, алдағы айдың басына белгіленген шешуші кезеңде де сәттілік тілек етеміз.

Жоламан Дәулетияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT