Мақсым Избасов: Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс бердім


Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, «Мұнай-газ кешені ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша төрағасы Мақсым Избасов №8 сайлау учаскесінде барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

-Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлау өзге сайлауларға қарағанда өзгеше және жаңашылдық көп. Оның бірі - бірмандатты округ бойынша да үміткерлердің қатысуы. Биылғы сайлау өте белсенді өтуде. Өздеріңіз байқағандай кандидаттардың барлығы бірдей сайлау алды үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, өңірлерді аралады, халыққа бір табан жақындап, халық үніне құлақ түрді. Ал Жаңа Қазақстанның дамуы – сайлауалды бағларламалардың іске асуы деп есептеймін,- деді М.Избасов.

Сондай-ақ, М.Избасов саяси додадан кейін ел болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді.  

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейінгі аралықта өтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT