Махамбет ауданында су тасқынын алдын алуға 94 техника жұмылдырылды

Аудан үшін қауіп төндіріп тұрған тасқын судан қорғану жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс бөгеттерін жөндеуді қажет ететін 64 км дамбылардың күні бүгінде 34,2 км жөнделіп, қалған бөлігін жөндеу күнделікті іске асырылуда.

 

Аудан бойынша жаңадан салынып жатырған қорғаныс бөгеттері 8,6 км. Оның ішінде, Махамбет – 1,5 км, Сарытоғай – 1 км, Бейбарыс – 500 метр, Сарайшық – 3 км, Талдыкөл – 2,1 км, Алға – 500 метр. Барлық елді мекендерден жұмылдырылған 1300 еріктінің көмегімен 56 000 қапшық қапталып, дайындыққа келтірілді.

 

Бұл жұмыстарға аудан резервінен 29 млн теңге қаржы бөлініп, оған 50 тонна дизель отыны, 91 700 дана қап сатып алынып, пайдалануға берілді. Аудан бойынша 94 техника жұмысқа тартылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521