Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
– 147 млрд. теңге сомасына тоғыз жобаны іске асыру есебінен Тұщы су тапшылығы мәселесі шешілетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жөніндегі іс-шараларға сәйкес, Атырау қаласында сүзгі станциялары мен су тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау, топтық және магистральдық су құбырларын, оның ішінде «Астрахан – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстары жасалатын болады, - деді өңір басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» онлайн-брифинг берді.