Мал дәрігері болған Мүтафира апай өмірінен мөлтек сыр

Биыл мерекелік күнтізбемізге тағы бір кәсіби мереке қатары қосылды. Яки 10-шілде «Ветернариялық қызметкер күні» болып атаулы күн тізіміне енгізілді.Осы тұрғыда, ауданымыздың сол бір жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуына  уақытпен санаспай еңбек еткен  ер азаматтарынан бөлек, еңбекке ертемен араласқан әйел адамдардың да үлесі өлшеусіз.Әрі сол туралы әңгімені кеңінен өрбіткіміз келіп тұр. 

Бұғанасы еңбекпен қатайып, маңдай тер жұмысымен мерейлі болған қарияның ерен істері елеусіз қалған емес. Ол ауданымыздан қыздар арасынан тұңғыш шыққан жоғарғы білімді малдәрігері, еңбек ардагері – Мүтафира Қамиевамен кездесіп, біраз өмір тарихына қаныққан едік.Сонау бір жылдары білімге ынталы, оқуға құштар бала саны көп болғанымен,оқуға түсуге мүмкіндік бола бермейтін. Біздің кейіпкеріміз қарапайым шаруагер отбасында тәрбиеленген. Алайда, өзінің қайсарлығымен, табандылығымен, білімге деген құштарлығымен, көзсіз батырлығымен Алматы қаласындағы  жоғары оқу орнына оқуға түседі.Бірақ та, сол кезде шаруашылықтың ыңғайын көріп өскен қыз, әкесіне қолғабыс бола жүре, ветеринария саласына қызығушылығы оянады.Бұл мамандықтың қыз баласы үшін оңай соқпасын білсе де, алған бетінен қайтпады.
-Иа, ол кездегі халықтың жағдайы өте ауыр еді.Тамақ, киім-кешек деген тапшы. Бірақ, білімге деген ынтамыз жоғары болды.Сартөбеден он жылдық білім алып шыққаннан кейін, әкем Қамиге көмекші шопан болып жұмыс жасадым.Бір күні, сол көмекші шопан болып жүргенде, әкем ауырған малдарды емдейтін малдәрігерін үйге  әкелді. Оны көрген мен алғашында ой туындап, «апырмай, адам дәрігерінен бөлек, адамзатты емдейтін малдәрігері де болады екен-ау» деп сол сәттен малдәрігеріне қызығушылық  оянған еді. Оқуға барайын десем, сол кездегі ферма меңгерушісі Ізғали Сембаев қойдан босатпады. Бір күні ел аралап жүріп, сол кездегі совкоз директоры Петр Абакумов  біздің үйге келген еді. Менде осы сәтті пайдаланып, оған оқуға барғым келетін жөнінде еш қысылмастан ойымды айттым. Ол кісі сол бойда «оқуға баратын адамды ұстауға болмайды» деп мені қой бағудан босатты. Орныма  көмекшілікке жетінші сынып бітірген сіңлім Қалиманы қалдырып, оқуға кеттім.Сол кезде, Гурьевке Алматының вет. институтына (АЗВИ) студенттер қабылдауға  комиссия келіп жатыр екен.Осылайша, бір қап кітабымды арқалап, қабылдау емтиханын жақсы тапсырып шықтым. Ол кезде құмда өскен біздер орыс тіліне ұятты болатынбыз. Алайда, бәрі сәтімен болып, оқуға қабылдандық,- деді ол.
Кейіннен өзі бұрын-соңды аяқ баспаған үлкен қалаға  арман қуып барып, жақсы таныс, достар табады.Алғашында орыс тілінен қиналғанымен, уақыт өте бәріне тез үйреніп кетеді.Тіпті, қатарластарынан басып, оқудан да жақсы жетістіктерімен көзге түсіп жүреді.Осылайша, 1962 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша бітіреді. Осылайша, сол кезде осы сала маманына тапшылықта бар еді.Оны ойлаған Мүтафира Қамиқызы бірден елге оралып, еңбекке білек сыбана кіріскенін бізге кеңінен тарқатып, айтып өткен еді.
-Жоғары оқу орнын жақсы бағамен бітіріп шығып, елге мал дәрігері мамандығын алып еңбекке араластым. Жолдамамен Гурьев облысына бөлді. Соның ішінде мені Есбол ауданының малдәрігерлік стансысына емдеуші дәрігер етіп жіберді. Бас дәрігер Әмірғали Құнашевтің қарауында 1963 жылдың сәуіріне дейін жұмыс жасадым. Ол кезде сол ауданның ветстансасының бас дәрігері Қайырғали Уәлиев, зертхананың бас дәрігері Құбаш Рахметов сынды дәрігерлер болды. Кейін туған жерге келіп, ол кезде Сапи Ахметжанов Чапаев совхозынан малдәрігерлік бөлімшесін ашып, осы бөлімшенің меңгерушісі етіп тағайындады. Осы аталған бөлімшеде бас дәрігер Алғи Ахмедияров болған еді. Жұмыс өте көп болса да, бірақ соның бәріне үлгеріп,  көбіне совхоздың ауырған малдарын емдеумен айналыстым.Атқа мініп, малшыларды да аралайтын болдық. Ол кезде қой, сиыр малдарында аусыл (ящур) ауруы шығып, оған  емдеу шарасын жасап,  ірі қара малдан қан алып, зертханаға тапсырып, жұқпалы аурулардың алдын алып, халыққа барынша аянбай көмек көрсеттік.
Кейін Новобогат ауданы құрылып, 1977 -1978 бөлімшені тапсырып, жаңадан құрылған аудандық зертханаға химтоксиколог бөлім меңгерушісі болып орналастым.Зертхана меңгерушілері Күнтуған Құрасов, Базарбай Айтқалиев, Идеят Оспановтармен бірге жұмыстас болып, химтоксиолог, серология бөлімдерін басқардым. Мамандар тапшылығынан екеуін қатар ала жүріп, барынша еңбек етуден әсте жалыққан емеспін,-деді ол еңбек жылдарын бір еске алып. 1965 жылы қараша айында комсомол жастар тойы өтіп,  кейіпкеріміз Халидолла Әбежанұлымен көңіл жарасып, кейін отау құрып, 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірген. Қазір, еңбектің зейнетін көріп, немере-жиен, шөберенің қызығына бөленіп отырған ақжаулықты әже. Міне, 35 жыл бойы табан аудармастан, маңдай терімен еңбек етіп, осы саладан зейнет жасына дейін қол үзбестен қызмет атқарған. Мүтафара Қамиқызы көп жылғы еңбегі ескеріліп, «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапатталып, құрметті ардагер атағына ие болған.

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521