Мал иелеріне арналған мобильді қосымша

 

«Төрт түлік» электронды қосымшасы мал иелеріне қолайлы болу мақсатында әзірленген. Аталған қосымша арқылы өз меншігіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын бақылауда ұстау, оларды сою немесе сату кезінде жүргізілетін рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ ветеринариялық құжаттарды онлайн түрде алу мүмкіндігі қарастырылған.

Қосымшада төмендегі модульдер қолжетімді:

  • жануарлардың санын бақылауға арналған жануарлар тізілімі;
  • жануарлар мен төлдерді тиісті іс-шаралар бойынша тіркеу;
  • жануарларды онлайн сату және сатып алу;
  • жеке тұтыну мақсатында сойылған жануарларды тіркеуден шығару;
  • белгі (таңба) жоғалған немесе бүлінген жағдайда оны ауыстыру;
  • ветеринариялық паспорт алу;
  • ауыл шаруашылығы жануарлары мен олардың иелері туралы мәліметтерді түзету.

«Төрт түлік» қосымшасы мал иелеріне аталған қызметтердің барлығын онлайн форматта пайдалануға мүмкіндік береді.

Қосымша туындаған сұрақтар бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясына хабарласуға болатынын ескертеміз.


Динара СЕРІК,
аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT