МАМАНДАР КАНАЛДАРДЫ АРАЛАДЫ

30-қаңтар күні аудан әкімі П.Хасанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А. Айтқалиев,  «Казсушар» РМК Атырау облысы бойынша филиалының директоры А. Рысжанов және басқа да жауапты мамандар аудан аумағындағы каналдарды аралап, бүгінгі жай-күйімен танысты.

Аталған топ каналдарды аралау барысында Мартыши каналы бойында төрт түлік мал бағып отырған шаруагерлермен кездесті. Кездесуде шаруагерлер «қыс айларында қар түспей, ауа райының салқындығынан канал суының қатып қалуы салдарынан су тапшылығы орын алатынын, осыған орай каналға су айдау мүмкіндігін қарастырса» деген ой-пікірлерімен бөлісті. Мәселенің мән жайымен толық танысқан жауапты мамандар шаруагерлерге каналдың аталған бөлігіне қазіргі уақытта су айдау тиімсіз екенін, малдардың су ішуіне каналдың бойынан қолайлы орынды белгілеп, мұзды ойып, сол жерден малды сұрауды ұсынды. Сондай-ақ «Казсушар» мекемесінің басшылығы бүгінгі күндері Нарын каналына су айдау жұмыстары жүргізіліп жатқанын және Бақсай каналына су айдауды ағымдағы жылдың 15-20 ақпанға қарай бастайтындығын жеткізді.

ebf5d8c0-f12b-4149-ba9a-9a90b3c2fc51

Еске сала кетейік, Махамбет ауданынан бастау алатын Бақсай каналына  күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың қараша айында басталған болатын. Жоба бойынша аталған каналдың 34 шақырымына (түп тереңдету, бөгет салу, шлюз орнату) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бақсай каналының Исатай ауданы аумағынан өтетін бөлігінің 16,5 шақырымына да жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен бірге Нарын каналына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.

                                                                                                                  Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521