Мамандар тегін кеңес берді

Әрбір мемлекеттік қызметші халыққа сапалы қызмет ұсынып, қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсетуі тиіс.

Бұл - Ел Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы. Осы міндеттердің орындалысын жүзеге асыру мақсатында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Исатай аудандық бөлімінде өткен «Халық заңгері» республикалық акциясында аудандық полиция бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі бөлім мамандары, халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық бөлімі, орталық аурухана, халықты жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі, аудандағы Адалдық алаңының мамандары, «Қорғау» жобасы заңгері тегін кеңес беріп, өзге де мәселелер бойынша келген аудан тұрғындарының сұрақтарына нақты жауап қайтарды.

Сонымен бірге тамыз айынан бері ауданда тегін кеңес беріп келе жатқан «Қорғау» жобасының заңгері Гүлсім Қалисова аққыстаулық тұрғын Р.Құмайтшинаның тұрғын үйдің құжаты жоқтығы себебінен біраз уақыттан бері шешілмей келе жатқан мәселесімен айналысып жүргенін, жақын арада мәселе шешімін табатынын да алға тартты. Оның айтуынша, күні бүгінге дейін ауданның 70-ке жуық тұрғыны тегін кеңес алып, бірқатарының мәселесінің оң шешілуіне үлесін қосқан екен.

Осы іс-шара аясында аудан әкімшілігіне қарасты барлық бөлімдер де өз мекемелерінде қабылдаулар өткізіп, мамандары заңгерлік көмек көрсетті.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521