Маңызды саяси науқан қарсаңында

20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына бір ай уақыт қалды. Ауданымыздағы сайлауға дайындық жұмыстары қалай жүруде? Біз осы сұрақпен  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Зәуреш Қалмұхановамен хабарласқан болатынбыз.

- 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы- аса маңызды саяси науқанға дайындық қалай?


- 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралары Орталық Сайлау Комиссиясымен бекітілген күнтізбелік жоспарда көрсетілген. Бастапқы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциясы заңының  55 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды  ұсыну Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарымен сайлау тағайындалған күннен кейін  11 қазанда басталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы келіп түскен кандидаттардың құжаттарын мұқият тексерді. ҚР Президенттігіне сәйкестігі анықталып, кандидаттардың  тіркелуі 21 қазан күні аяқталды. Сайлаушылардың Президенттікке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелерінің шекаралары және  аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары жарияланды.
Еліміздің әр азаматы Президент сайлауына қатысып, өз дауысын беру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалады. Сайлау учаскелері сайлаушыларға жайлы әрі сақадай-сай болуы керек. Ағымдағы жылдың 3-5 қазан күндері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында аудандық аумақтық сайлау комиссияның мүшелері және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша оқыту тренингі ұйымдастырылып, өткізілді. Оған Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссияның мүшелері және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларынан 55 адам қатынасты.
Семинардың мақсаты - сайлау заңнамасының негіздері және оны сайлау үдерісінде қолдану тәжірибесі, сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби біліктігі мен құзыреттерін арттыру.
Барлық сайлау комиссияларының құрамы  «Қазақстан Республикасының заңнамасы және сайлау жүйесі», «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыру»,  «Сайлау науқаны кезеңінде әр түрлі конфликтілік жағдайлардың алдын- алу және одан шығу тәсілдері», «Сайлаушылармен жұмыс және дауыс беру күні АСК және УСК мүшелерінің мінез-құлқы, стресске төзімділік», «Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік және азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс» тақырыптары  бойынша қашықтықтан оқуды игеріп,  біліктілік тестілеуден өтті.
Теңіз қалашығында орналасқан мекемерелердің қызметкерлерімен 6,7,13 қазан аралығында   ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу және вахталық әдіспен жұмыстағы қызметкерлердің дауыс беруіне қатысу құқығын беру бойынша түсіндіру жұмыстары үшін ТШО мердігерлік компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді. Басқа да  дайындық жұмыстары жасалып жатыр.

 

Сұхбаттасқан,

Азамат Молдашев

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521