«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалиция мүшелері «Атырау Жарық» мекемесінің ұжымымен жүздесті.
Кездесу барысында алдағы республикалық референдум аясындағы өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, қатысушылармен еркін форматта пікір алмасу өтті. Қызметкерлер өз ойларын білдіріп, толғандырған сауалдарын қойды.
Мұндай жүздесулердің мақсаты – әр азаматтың ақпаратты толық әрі дұрыс қабылдап, саналы таңдау жасауына мүмкіндік беру.



