Мәжіліс депутаттығына үміткер Исатай ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Нұрлыбек Ожаев Исатай ауданында болып, аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында үміткер аудан халқына «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын кеңінен сөз етіп, тұрғындардың өтінішін тыңдады. Тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берген үміткер Н.Ожаев ауқымды мәселелердің алдағы жылдарда қаншалықты орындалатыны жайында айтып түсіндірді. Одан әрі кездесу Исатай ауданына қарасты Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Таңабай Меңдіғалиев ақсақал мен денсаулық саласының ардагері, «Алтын қолды дәрігер» атағаның иегері, осы ауылдың тұрғыны Күләш Нұрманованың шаңырақтарында өз жалғасын тапты. Ардагерлер тарапынан да ұсыныс-тілектер тыңдалып, «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Еңбегін ел бағалаған ардагерлер үміткерге батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

umit501

- Елдің алғысынан асқан бақыт жоқ. Мотивацияның қайнар көзі қарттарда, - дейді өз сөзінде Н.Ожаев.

Кездесу соңында, үміткер қарттарды алдағы сайлау науқаны кезінде жетекші партия «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Исатай ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521