Мәжіліс депутаттығына үміткерлер исатайлық мұнайшылармен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Сәлімжан Нақпаев пен Толқын Бейсқали Исатай ауданында болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Алдымен аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында аудан жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ бағдарлама қамтитын негізгі бағыттар, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту және тұрғын үймен мәселелері қозғалды.

haliq28

Исатай ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары әрі қарай жалғасын табатынын айтты. Оның ішінде жеке қажеттіліктерін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың онлайын-режимде өз бетінше техникалық оңалту құралдарды, әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін Бірыңғай әлеуметтік қызмет порталын 2021 жылы іске қосу, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ауданда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын құру жоспарланып отырғаны айтылды.

ngdu30

Одан әрі «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында болған үміткерлер ондағы мұнайшылармен кездесіп, олардың да өзекті мәселелерімен танысты. Жиын барысында жұмысшылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріп, салалық мәселелер сөз болды. Сондай-ақ мұнайшыларға тиесілі әлеуметтік мәселелердің негізділеріне тоқталып, аталмыш салаға болашақта енгізілетін жаңалықтарды ескеру керегі де айтылды.

Шара соңында үміткерлер еліміздегі беделді партия «Nur Оtan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Исатай ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521