Мәдениет - ұлттың рухани айнасы

 

Өнер мен мәдениет – кез келген елдің рухани тірегі, халықтың болмысын, тарихын, салт-дәстүрін әлемге танытатын маңызды күш. Осы тұрғыдан алғанда, өнер адамдарының ел алдындағы еңбегі өлшеусіз. Олар – еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген тұлғалар. Театр, музыка, бейнелеу өнері, кино және өзге де шығармашылық салаларда қызмет ететін азаматтар халқымыздың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға үлкен үлес қосып келеді. 

Өнер адамдары халықаралық сахналарда Қазақстанның атын шығарып, еліміздің имиджін көтеруде де маңызды рөл атқарады. Олардың жетістіктері арқылы шетелдік көрермен қазақ халқының терең тарихы мен бай мәдениетін таниды. Бұл – шын мәнінде құрмет пен қолдауға лайық еңбек.

Сондықтан мәдениет пен өнер саласында жүрген тұлғаларды қолдау – бұл жай ғана қаржылық көмек емес, ұлттық рухты, болашақты сақтауға бағытталған стратегиялық қадам. Мемлекет тарапынан тұрақты түрде жағдай жасалып, шығармашылық дамуға қажетті мүмкіндіктер ұсынылуы тиіс. Бұл – рухани жаңғыру мен ұлттық бірегейлігімізді сақтау жолындағы маңызды міндет.

 

Ерболат МАХАШОВ,

Аққыстау ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT