Мәдениет майталмандары – ел абыройының айнасы

 

Өнер адамдары – ұлттың рухани байлығын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін бірегей тұлғалар. Олар тек сахна мен шығармашылық алаңында ғана емес, халықаралық деңгейде де еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін кеңінен танытып келеді. Қазақтың ұлттық киімін, әні мен күйін, биі мен сөз өнерін әлемге паш етіп жүрген әрбір мәдениет қайраткері — еліміздің бейбіт миссиясын орындаушы рухани елшілер десе де болады.

Олардың еңбегі арқылы Қазақстанның шынайы келбеті, ұлттық болмысы мен терең тарихы көрініс тауып отыр. Бұл — ұлттың мәртебесін көтеріп, әлем алдындағы беделін арттыратын маңызды қызмет. Сондықтан мәдениет саласында еңбек етіп жүрген өнер иелеріне мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету — өте өзекті міндет. Бұл – тек шығармашылықты дамыту емес, ел руханияты мен ұлттық идеологияны қалыптастырудың негізі.

Мәдениет қайраткерлеріне жағдай жасау арқылы біз жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын оятып, рухани дүниесін байытамыз. Осылайша, қоғамда ұлттық құндылықтарға деген құрмет артып, тұтас елдің мәдени келбеті нығая түседі.

 

Асылан ҒҰБАШ,

Исатай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT