Медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізу кезінде филиал сарапшыларымен 75 мыңнан аса кемшіліктер анықталды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. 

2022 жылғы мониторинг нәтижелеріне сүйенсек, қор филиалының сарапшылары көрсетілген қызметтің сапасы мен көлемі бойынша 75036 мың кемшіліктерді анықтады. Осы анықталған кемшіліктер бойынша 1 миллиард теңгеден астам сомаға (1 022 141 859 теңге) экономикалық әсер ету шаралары қолданылды. 2022 жылдың 12 айы ішіндегі филиалдың мониторинг бөлімімен жоспардан тыс мониторингтер жүргізіліп 19 өтініштер қаралып, оның ішінен 4 200 2017,66 теңге ұсталып және де 30 кемшіліктер анықталды. «Аса жиі кездесетін кемшіліктер – бұлар медициналық көмектің көлемдерін қолдан асырып көрсетулер, стандарттар мен клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқулар және ақпараттық жүйеге мәліметтерді дұрыс емес енгізулер» - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Газиов.

«Құқық бұзған» денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты айыппұл санкциялары қолданылды. Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы тұрғысынан медициналық ұйымдардың міндеттемелері шарттық қатынастардың маңызды бөлігі болып саналады және Қор олардың орындалуын талап етуге құқылы. Сондай-ақ Қор жеткізушілері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері аясында көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу аталған қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Яғни, медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған ақылы қызметтер ғана төленеді. Егер пациент жалған жазбаны өздігінен анықтаса, бұл туралы медициналық сақтандыру қорына хабарлауы қажет. Қордың fms.kz ресми сайтына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе 1406 телефонына хабарласып, шағым немесе өтініш қалдыруға болады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92. Байланыс орталығы – 1406

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521