Аудандық «Жалын» мәдениет үйінде 12 мамыр - Халықаралық мейіргерлер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Өмірге сән беріп, тіршілікке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі қашанда сый құрметке ие.
Салтанатты шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Рашид Мұқанов алғы сөз сөйледі.
- Құрметті мейірбикелер, сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің ең көп санаты мейірбикелер болып табылатыны және тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда сіздердің жұмыстарыңыздың сапасына байланысты. Қай кезде де дəрігердің басты көмекшісісіздер. Отбасыларыңызға бақыт пен амандық, денсаулық, шыдамдылық және күш қуат тілейміз! Әрбір атқарып жатқан игі қызметтерің үшін алғыс білдіремін, - деді де ақ халатты дәрігерлер мен медициналық қызметтің қызметкерлеріне аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады.
Атап айтсақ, марапат алғандардың қатарында академиялық бакалавр,кеңейтілген практика мейіргері Айман Қубиева, Аққыстау орта мектебінің мейіргері Жанна Демешова, жалпы тәжірибелік мейіргер Гүлдана Сәбиевалар бар.
Одан әрі мерекелік құттықтау сөз аудандық мәслихат төрағасы Нұрым Мусинге берілді. Ол барша мейіргерлерді төл мерекесімен құттықтай отырып, Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясының аға мейіргері Лиза Идрисова, емхананың алдын ала екпе бөлімінің мейіргері Майрагүл Сыехова, аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің кезекші мейірбикесі Ұлпан Жанболатованы мәслихаттың алғыс хаттарымен марапаттады.
Мұндай марапаттау шарасында «Аманат» партиясының облыстық филиалының төрағасы Абдулла Идрисов те құттықтау сөз сөйледі., Ол да бір топ меіргерлерге, атап айтқанда, емхананың аға мейіргері Гүлнар Сыехова, емхананың дерматолог мейіргері Айгүл Ғабитова және аудандық орталық аурухана медициналық статисі Қарлығаш Қабесованы алғыс хаттармен салтанатты түрде ұлығылады.
Сондай-ақ бүтін бір мекеменің ұйытқысындай болып жүрген,үлкен жауапкершілік жүгін арқалаған мейірбикелерді аудандық орталық аурухананың басшысы Марат Қуанышев құттықтап, алғыс сезімін білдірді.
-Қымбатты да құрметті медбикелер! Сіздерді халықаралық медбикелер күнімен құттықтаймын! Бұл қызметке төзім мен шыдамдылықтың аса қажет екенін мен өз тәжірибемнен жақсы білемін: түрлі процедура жасайсың, науқастарға дәрі егу мұндайда адамда «міндетімді сәтті атқарсам» деген ой ғана болады. Сіздер атқарып отырған жұмыс қайырымдылыққа, мейірімділік пен гуманизмге негізделген. Бұл қасиеттер медициналық ақ халат киген әрбір маманға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әлемдегі медицина қызметкерлерінің жартысынан көбі медбике және олар денсаулық сақтау жүйесінде өмірлік маңызды қызмет атқарады. Көбіңіз осы мамандыққа әбден бейімделіп алдыңыздар, тіпті, көмекке мұқтаж адамдарға шынайы қызмет ету – өмір сүру салтына айналды. Жалпы, науқасты емдеу ісінде мейірбикелердің еңбегі өте зор. Өз істеріңізге деген адалдық пен науқастарға деген қайырымға, мейірімге толы қарым-қатынастарыңыз үшін көп рақмет! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және сәттілік тілеймін,-деген ол одан кейін ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының атынан аудандық ауруханасының акушері Райхан Қабылова мен жалпы тәжірибелік мейіргер Жанаргүл Сарсенғалиеваға, медициналық статит Айғаным Әбілхасимоваға, терапия бөлімшесінің кезекші мейіргері Айнұр Ғибратоваға алғыс хаттар табыстады.
Сонымен бірге сол күні аудандық ауруханасының кәсіподақ төрағасы Азамат Халел аудандық перзентхана акушері Гүлзат Шахарова, Қамысқала ауылдық дәрігерлік амбулатория мейіргері Гүлмира Айбатырова, Жанбай дәрігерлік амбулатория мейіргері Гакку Капсалыховаға, аудандық ауруханасының бас мейіргері Назым Идрисоваға, қызметкер Ержанова Гүлнараға, Тұщықұдық дәрігерлік амбулатория ем-шара мейіргері Гүлнара Ержановаға, емхана ем-шара кабинетінің мейіргері Алмагүл Ерғалиеваға, аурухана қабылдау бөлімінің мейіргері Эльвира Қажмеденоваларға да марапаттар тапсырылды. Салтанатты шара соңында ауыл өнерпаздары мен аудандық орталық аурухана мейірбикелері бірігіп, сазды бағдарлама мен әзіл әлемінен қойылым көріністер қойды.
Сағыныш ҚАЙЫР