«Мейірім» тегін киім үлестіреді

«Zhas Project» грантының иегері атанғандардың бірі аққыстаулық Төлеген Перизат Тұщықұдық ауылынан «Мейірім» атты әлеуметтік дүкен ашты.

Бейсенбі күні дүкеннің ашылу салтанаты өтіп, оған аудан әкімдігі өкілдері мен округ басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қанатжан Қинешев бастамаға сәттілік тіледі. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов пен ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов аталған грант негізінде қолға алынған жобалардың аудан халқына тигізер пайдасын атап, осы бағытта жоба жетекшілерімен жұмыс жасап, ақыл-кеңесін айтып, қолдау білдірген кеңесшілер Анаргүл Құсайынова мен Арай Қалиеваға ризашылықтарын білдірді.

Одан әрі ауыл ардагері, белгілі өнерпаз Серікқали Қинешұлы игі бастамаға құтты болсын айтып, аталық ақ батасын берді.

Өз кезегінде әлеуметтік дүкен иесі Төлеген Перизат та өзін қолдағандарға ыстық ықыласын жасырмады. Сонымен қатар, ол бұл жоба тек бірер адаммен жүзеге аспайтындығын атап өтті. – Өздеріңіз біліп тұрғандай, дүкенге қайырымдылыққа жаны жақын тұрғындарымыздың қолдауы керек. Жоқ-жітіктерге қол ұшын беру қоғамға ортақ шаруа болғандықтан, сіздерді бұл бастамамызды қоштайды деген үміттеміз, - деді ол.

Дүкеннің лентасын ардагер Серікқали Қинешұлы мен аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқали қиды.

Аты айтып тұрғандай, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау бағытында тұсауын кесіп отырған дүкеннің бір ерекшелігі бұндағы киім-кешектер тегін беріледі. Ал арнайы қойылған жәшік қамқорлық жасауға ниетті адамдар әкелген киім-кешектерді салуға арналған. Одан әрі химиялық тазалаудан өткен киім үтіктеліп, көрініске шығады. Тұрғындар көріністегі киімнің ішінен қалағанын ала алады. Және ол үшін ақы сұралмайды. Бұл – көпбалалы, аз қамтылған отбасылар үшін үлкен көмек болмақ.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика