Mекемелердің мардымсыз қызметі облыс әкімінің сынына ұшырады

Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев басқармалар мен мекеме басшылары қатысқан жиында «Телеграмм» желісі арқылы халықтан түскен шағым негізінде «Атырау-Жарық» АҚ облыстық филиалы басшысына ескерту жасады.

Желі арқылы шағым түсірген қала тұрғыны электр желісінің қуаты шамадан тыс көбейіп кетуінің салдарынан бірнеше тұрмыстық техникасы жанып кетіп, ойламаған жерден шығынға батқанын мәлімдеген. Тұрғындар «Атырау-Жарық», «Атырау су арнасы» секілді мекемелер ай сайынғы төлемді төлетуге келгенде, уақытынан бір күн асып кетсе, қиып кетуге шебер болғанымен, халыққа сапалы қызмет көрсетуге келгенде жайбасарлық танытып, салғырттыққа жол беретінін желіде ашына айтқан.

Бұны телеграмм желісінен білген аймақ басшысы аталған мекеме басшыларын сынға алып, олардан тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді талап етті.

- Халықтың көпшілігі тұрмыстық техниканы несиеге алатыны жасырын емес. Сол несиеге алған дүниесі «Атырау-Жарық» АҚ-ның жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмағанының кесірінен жанып кете берсе, не болады? Бұл жүрдім-бардым қарайтын, жеңіл-желпі мәселе емес. Қаламыздың әр тұрғыны сапалы қызмет алуға тиіс. Сондықтан тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді сіздерден талап етемін, – деген Нұрлан Асқарұлы аталған мәселемен айналысуды орынбасары Н.Таубаевқа тапсырды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521