МЕКТЕП АВТОБУСЫ ТАЛАПҚА САЙ МА?

 

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында мектептегі автобустардың заң талабына сай  келмеуі және бала тасымалының қауіпсіздігі жөнінде жиын өтті.

Негізгі мақсат бала тасымалын қауіпсіз ұйымдастыру, жол бойында орын алатын келеңсіз оқиғалардың алдын алу, оны болдырмау бойынша бірлесіп қызмет етуге шақыру еді.  Жиын «AMANAT»  партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Едіге Досқалиевтың төрағалығымен өткізілді.  Сондай-ақ, жиынға аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данияр Бимұханов, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Бейбітжан Айжарықов, аудандық мәслихатының «AMANAT»  партиясы филиалының депутаттық фракциясының жетекшісі Асхат Жұмабекұлы, мүшесі Сәкен Шарапиден, қоғамдық кеңес мүшесі Құрманғали Мұхтаров, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сағираш Берқалиева және  мектеп директорлары қатысты. Бұл кездесуде  аудан көлеміндегі  бала тасымалы жөнінде мектептердегі автобустардың заң талаптарына сәйкес қайта жабдықтандырылуы, оқушыларды іссапарға шығу кезінде міндетті түрде арнайы мектеп автобустарымен тасымалдауды ұйымдастыру, автобус жүргізушілерін күнделікті алкотесттен өткізуді, медбикелерді арнайы курс арқылы оқып әрі сертификат алуды ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар мекеме басшыларының аталған мәселелерге байланысты ұсыныстар мен сұрақтары тыңдалып,  осы мәселелерді қатаң қадағалауға талап етіп, хаттамалық шешім дайындалды. Тиісті сала мамандары да өз пікірлерін ой- талқыға салды. Осы бағыттағы жұмыс барысы бойынша мектеп директорларына  ескерту де берілді.

          Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521