Мектеп медициясы және құқықтық тәрбие

Мектеп тәрбие ошағы.Алуан түрлі қайнаған жұмыстардың жүретін орны.Қазіргі өркениетті даму заманында тәрбиенің сан қырлы мәселелерінің ішінде құқықтық тәрбие ерекше орын алады.Бұл ретте мектепте құқықтық тәрбиеге мән беріліп,бала құқын, ата-ана міндеті мен құқықтары, шәкіртке білім мен тәрбие берудегі ҚР-сының Ата Заңы мен басқа да заңдардан туындайтын міндеттерді шешуде жұмыстар жүргізілуде.

Дегенмен,оқушылар арасында түрлі дау-жанжалдар, әлімжеттік жасау, ақша сұрау, біреудің нәрсесін тартып алу, келеке қылу, айналасындағы оқушыны шеттету мектептердегі кездесетін құқық бұзушылықтың түрлері.Сондай-ақ, топтасып төбелесу, қару қолдану сияқты ауыр қылмыстық жағдайларда бар.

Бұнымен бірге ата-ана мен ұстаз,ата-ана мен бала, ұстазбен бала арасында түрлі дәрежедегі дау-дамай, жанжал мәселелерінде әр кезде бой көрсетіп тұрады.Бұлардың біразы полиция, сот алдына баратын жағдайлар болады.Бұндай жағдайда даулы мәселені шешудің және даулаушыларды тәрбиелеудің дұрыс жол табудың бірден-бір жолы медиация.

Медиация –латын тілінен аударғанда орта сызық, мәмілеге келу, делдал дегенді білдіреді. Қарап отырсақ қазақ қоғамында билер институты жасағы жұмыстарды медиациядан да көреміз.Медицияның билер институтынан айырмашылығы, егер билер өздері шешім қабылдайтын бөлек, медиациядан да көреміз. Медиацияның билер институтынан айырмашылығы, егер билер өздері шешім қабылдайтын болса ,медиацияда қандайда бір шешілмей жүрген даулы болған мәселелерді даулаушы жақтардың өздері қабылдаған шешімімен шешілуінде.

Көбіне мектептердегі даулы мәселелер белгі болып, ақпарат құралдарында жарияланып, оған түрлі пікірлер айтылып дұрыс шешілуден гөрі ушығып бір-бірін кінәлап кектену, өшігу, ушығу дәрежесіне жетеді. Соңы қайғылы жағдайларға да апаруы мүмкін. Ал медиация дауды бейбіт, бітімгершілікпен шешуге жағдай жасайды. Кімнің де өмір деректерінде сотты болған,сотталған  атағының   түспеуінде Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заң 2011 жылы қабылданды.

Осы заңда «Жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарын туындайтын, онша ауыр емес және ауырлығы ортамен қылмыстар туралы іс жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның көмегімен жүзеге асырылады» «(ҚР «Медиация туралы» Заң 1-бабы) делінген. Медиация жұмысымен кім қалай айналысып алады десек, олда осы заңда көрсетілген.

Медиатор медиация жұмысын жүргізуші.Медиаторлар кәсіби медиатор –медиаторда оқытудың 50 сағаттық курсынан өтіп сертификат алған,25 жасқа толған жоғары білімді, сотталмаған немесе соттылығы жойылған, нарко-психодиспанцерде есепте тұрмайтын әрбір азамат бола алады және ол медиаторлар ұйымының сол аймақтағы сот мекемесі ресторында тіркелген болуы керек.Кәсіби медиатор өзі қараған даулы мәселеге қатысушылар мен жиналған келісім бойынша еңбек ақы алады.

Кәсіби емес медиатор -40жасқа толған,дайындық курсынан өтіп сертификат алған,өз еркімен қоғамдық негізде медиация жұмысымен айналысуы арыз берген азамат жұмыс істей алады.Кәсіби емес медиатор жергілікті ауылдық, кенттік, селолық, поселкелік және аудандық, қалалық әкімдіктердің ресторында тіркеледі және тегін жұмыс істейді.

Бұрынғы КСРО құрамында болған елдер ішінде медиацияны алған болып пайдаланған елдер қатарында Молдава мен Литва болса,Украйна да дами бастады.Өркениетті елдерде даулы мәселелермен қылмыстық әрекеттердің 30-40% медиацияға тапсырылады да,оның 80-85% оң шешіммен аяқталады екен.Медиацияның артықшылығы даулаушы жақтар үшін қаржылық шығынның болмауы немесе өте аз болуы, мәселенің бітімгерлікпен екіжақты өз шешімдерімен шешілуі және татулық,бірліктің баянды болуында.Өткен ғасырдың 80 жылдарының басында АҚШ-ты мектеп медиациясына негіз салынды.Мектептегі медиация-даулы мәселені шешуде барлық тараптардың диологтың қарым-қатынасына негізделеді.Ол теңдікті, өзін-өзі көрсету, олардың өзін-өзі қорғауы үшін тең кеңестікті қамтамасыз етуді білдіреді.Бұл жағдайда реттеуші бас маман-медиатор.

Медиатор қақтығыстың мүмкін болатын шешімдері бойынша тараптардың арасында жүйелі диолог құруға көмектесуші және оларды тең дәрежеде қолдаушы делдал.Мектеп медиаторы ретінде ұстазда,педагог –психолог қызмет ете алады.Осы қатарға алдыңғы қатарлы, үлгілі, ықпалды жоғары сынып оқушыларында қояуға болады.Өйткені мұндай балалар өзінің үлгілі тірлігімен өзгелерге қолайлы ықпал ете алары сөзсіз.

Медиация ісіне оң көзқараспен қарап, оны дамыту үшін 29-тамызда Аққыстау ауылында семинар кеңесі өткізілді.

                                                                    

 

 

Ерболат НАСИМУЛЛИН

                             аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы, кәсіби емес медиатор

 

Сурет: ашық дереккөз

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521