Мектеп оқушыларына жаздық жолдама берілді

Биыл жаңа бағытта өткізіле бастаған Наурыздың мәні мен маңызы арта түсті. Арнайы мерекелік логотип бекітіліп, Наурыз мейрамы 10 күн тойланатын болды. Наурызнаманың алғашқы мерекесі – «Амал мерекесі – Көрісу күні» болса, екіншісі – Қайырымдылық күні. 

 Оның мәніне тереңірек үңілсек, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі болып келеді. Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз Қайырымдылық күніне орай «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының әлеуметтік жобасымен ауылымыздағы алты мектеп бойынша 5-8 сынып аралығындағы оқушыларға  арнайы сертификаттар беріліп, жазғы сауықтырылу демалысымен қамтылды.

Осы игілікті іс барысында үш ауылдық округ әкімдері  мектеп оқушыларына арнайы жазғы демалыс сертификатын өз қолдарынан табыс етіп, балаларды қуантып тастады.

Айта кетейік, жоғарыда аталған қоғамдық қордың сертификатын Нарын ауылындағы Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебі, Исатай ауылындағы Исатай орта мектебі, Аққыстау ауылындағы Аққыстау, Өркен орта мектебі, Абай атындағы орта мектебі және аудандық мектеп гимназиясы оқушыларына табыс-талды.

Қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайды. Осы бір керемет қасиетімізді ұлықтау мақсатында бекіткен атаулы күннің мән-мазмұны да осында жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521