Білім беру орындарында құқықтық тақырыпта кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қару мен пышақтау-кесу заттарын алып жүру фактілерін анықтауға, алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын және т.б. тұтынатын кәмелетке толмағандарды анықтауға баса назар аудару мақсатында Исатай ауданы көлемінде 26 қазан - 2 қараша күндері аралығында респуликалық “МЕКТЕП” жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Нұсқау талаптарына сәйкес, Исатай ауданы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерінің қатысуымен Тұщықұдық ауылында орналасқан Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебінің оқушыларымен кездесіп, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.