Мемлекет қарызын әдейі кешіктіргендер жазаға тартылады

Исатай ауданы аумағында мемлекетке берешектері бар азаматтарды анықтау мақсатында профилактикалық шара ұйымдастырылды.

Мониторингтік топ құрамында мемлекеттік кірістер басқармасы, Исатай аудандық прокуратура және жол патрульдік-полициясының қызметкерлері, сондай-ақ жеке сот орындаушылар Г.Мұқатанова мен Д.Амандықова болды. Бірлескен мониторингтік топ аудан аумағында мемлекетке берешектері бар (алимент төлемейтіндер), автокөлік құралдары салықтарын әдейілеп кешіктірген көлік жүргізушілерін анықтады. Мамандар тарапынан автокөлік жүргізушілеріне жеке тұрғын үй, жер және автокөлік құралдары салықтары бойынша салық берешегі өтелмеген жағдайда алдымен жеке тұлғаға қатысты заңға сәйкес ҚР-ның атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындатуға жіберіліп, 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде АЙЫППҰЛ (ШТРАФ) не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға және салық берешегі соммасы мөлшерінде 25 пайыз жеке сот орындаушыға төлеуге әкеп соқтыратыны жайында түсініктеме берілді.

reid0502

Сондай-ақ тексеріс барысында бірқатар жүргізушілерге автокөлік салықтарын кешіктіргені үшін 1 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.

Профилактикалық шара арнайы база арқылы берешектерді тексеріп, берешегі бар тұрғындардың үйін аралаумен жалғасын тапты. Бірлескен топ Аққыстау ауылдық округіндегі берешегі бар тұрғындардың үйін аралап, әкімшілік хаттамада көрсетілген берешек соммасын айтылған уақыттан кешіктірмеулерін сұрады.

patr502

Айта кетейік, берешек бар-жоғын білу үшін http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сайтынан немесе Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мекемесіне барып толық ақпарат алуға болады.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521