Мемлекеттік қызмет – жауапкершілікті аса қажет ететін, жоғары деңгейдегі, ең сапалы қызметтің бірден-бір үлгісі.
Қоғамның қажеттілігін өңдейтін ұлтжанды, отансүйгіш азаматтардың атқаруымен жүзеге асатын қызмет. Сондықтан әрбір қызметкердің бойынан ұқыптылық, әділдік, адамгершілік, кәсіби білім мен жаңашылдық табылуы тиіс. Әсіресе, өзіне деген құрмет, жұмысына деген махаббат пен халқына деген сүйіспеншілік – ең бірінші талап. Себебі, мемлекеттің өсу деңгейі мен ел қамын ойлаған жұмысшы еңбегінің нәтижелі болатыны сөзсіз. Біз қызмет көрсетіп отырған кішігірім әріптестер қауымына қойылатын талап та осындай.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз» деп бекер айтпады. Сапалы қызмет көрсетілуі үшін қызметкерге артылатын міндет те едәуір мықты болуы шарт. Халық алдында абыроймен адал еңбек еткенде ғана, экономикалық тұрғыдан ғана емес, руханитұрғыдан да өсу болады. Мемлекеттік қызметтің құндылығын түсінгенде ғана әрдайым жаңашыл өзгеріс болады. Әр қызметкер саналы түрде осы ережені ұғынғанда ғана халықтың тарапынан үлкен сенім болады. Ал сенім болған жерде міндетті түрде ашықтық болады. Біз қызмет көрсететін статистика саласында халыққа шынайы ақпарат беру – басты міндет.
Еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет-халыққа қызмет» деген ұран аясында елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстану баршамызға ортақ міндет екені хақ.