Мемлекеттік қызметшілердің жеңісі

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту мақсатында Атырау облысы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Н.Жантөрин атындағы облыстық филормониясында «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты байқау болып өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің басын тоғыстырған байқауда әр ауданнан сегіз құрама қатысып, 6 кезең бойынша сайысқа түсті. Әр топтың белсенділігі, ойнау, әзілқойлық шеберліктері, тапқырлығы мен тіл байлығы жіті қадағаланған жарыста ауданымыздың намысын қорғаған «Нарын» тобы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Аудармалық шеберлік бойынша әділқазылар алқасы сайыстың «жүйрік аудармашысы» ретінде «Нарын» тобының мүшесі Айнұр Төребайқызын танып, арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT