Мемлекеттік қызметтің ардагері Мәди Өтеғалиев құрметті еңбек демалысына шықты

Бүгін аудан әкімі Полымбет Хасанов мемлекеттік қызметтің ардегері Мәди Өтеғалиевті қабылдады.

Ардагерді қабылдаған аудан әкімі ардагерді құрметті еңбек демалысына шығуымен құттықтады.

- Мемлекеттік қызметші болу төзімділікті, ыждағаттылықты талап етеді. Алдыңа келген әр азаматпен персоналды түрде тіл табысып, оның мұң-мұқтажы мен сауал-сұранысына тұщымды жауап беру, оны мазалаған тіршілікпен біте қайнау ғана көпшіліктен ерек етеді. Міне, бүгін көп жылдан аудан өңірінің дамуына өзінің сүбелі үлесін қосқан, саналы ғұмыры мен білімін, тәжірибесін мемлекеттік қызметке арнаған азамат Мәди Өтеғалиев құрметті еңбек демалысына шығып жатыр, - деген аудан әкімі П.Хасанов ардагерге ақ жол, баянды өмір тілеп, өзінің Алғыс хатын табыстап, құрмет көрсетті.

Өз кезегінде М.Өтеғалиев мемлекеттік қызмет жылдарындағы оқиғалар жайында ой қозғап, көрсетіліп жатқан құрметке өз ризашылығын білдірді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT