Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы кезеңге басымдықтарды айқындауға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, аумақтық департаменттердің басшылары, ҚРПрезидентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қатысты.
Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев өзбаяндамасында 2022 жылы іске асырылабасталған маңызды жобаларға ерекше назар аударды.
«Біздің атқарған жұмыстарымыз Мемлекет басшысы қойған міндеттерді толыққанды жүзеге асыру және халыққа шынайы, адал, ашық қызмет көрсететін, бюрократияға жол бермейтін сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыру бағытында жүргізілді», – деді Дархан Жазықбаев.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету мақсатында ЖОО-ның үздік түлектерін аудан мен ауылда төменгі лауазымдарғаконкурстық іріктеусізтағайындау, «Б» корпусының жоғары лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен тікелей тағайындау, мемлекеттік қызметшілердітоқсандық бағалауға көшу бойынша заңнамағаөзгерістер енгізілді.
Агенттіктің мемлекеттік органдардың стратегиялық HR-әріптесіне айналу мәселесікөтеріліп, ол үшін рекрутинг (үміткерлерді іздеу және таңдау), талант-менеджмент (іріктеу, бағалау және персоналдың әлеуетін дамыту), ассесмент (құзыреттерді бағалау)пен өзге де жаңа құралдарға ерекше көңіл бөлінетіндігі туралы айтылды. Агенттік кадр саясатының тиімділігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметке «кіруден» бастап зейнетке шыққанға дейін сүйемелдейтін болады.
Агенттік төрағасының айтуынша, HR-стратегияның тағы да бір маңызды құралы – ол кадр құжаттамасын цифрландыру. Мемлекеттік қызметке іріктеу мен өткеруді цифрландыру – «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту арқылы жүзеге аспақ. Бүгінде мемлекеттік қызметке үміткерлерге онлайн режимде іріктеуден өтуге мүмкіндік беретін жүйенің сыртқы порталы әзірленіп бітті, биыл 1 наурыздан бастап пилоттық сынақтан 5 мемлекеттік органда өтеді.
Дархан Жақызбаев өз баяндамасында, 2023 жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуөткізілетіндігін айтып, өңірлерге талантты жастарды тарту мақсатындареспубликаның барлық аймақтарында өңірлік резервтер құру жоспарына да тоқталды.
МҚІА басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мәселесін айта келе, Агенттіктің 2022 жылы қызмет алушылардың құқықтарын проактивті түрде, олардың шағымдарын күтпей-ақ, қашықтан мониторинг жасау арқылы құқық бұзушылық болған жағдайда заңдылықты орнату жұмысын ерекше атап өтті. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде өңірлерде негізсіз бас тарту және толық жауап жолдамау фактілері анықталып, 124 қызмет алушы құқығы қорғалды.
Агенттікпен мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бағытында денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларында талдау жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік аппараттың жұмысын мейлінше адамға бағдарланған сервистік сипатта қалыптастыруға, бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған 183 ұсыныс әзірленді.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын үнемі жетілдіріліп отыру – Агенттіктің басты назарында. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау жұмысында бұзушылықтардың профилактикасына үлкен мән беріледі. Әдеп жөніндегі кеңестерде қаралған тәртіптік істердің санының төмендеу тенденциясыатап өтілді. 2021 жылмен салыстырғанда былтыр қозғалған істердің саны 29%-ға азайған. Ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің сақталуын реттеу мониторинг жүргізу арқылы іске асырылмақ.
«Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшеюде. Мемлекеттік қызметтегі ең басты ұстаным – «пайда ойлама, ар ойла» принципіне негізделуі қажет. Мемлекеттік қызмет халықтың қажетіне бағдарланып, толықтай сервистік сипатқа көшкенде, мемлекеттік аппараттың жұмысы жаңа деңгейге көтерілері анық», – деді Агенттік төрағасы.
ҚР МҚІА Баспасөз қызметі