«МЕН САҒАН ҒАШЫҚ ЕМЕС ЕМ...» АТТЫ АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

(0 Votes)

Аудан орталығындағы «Жалын» мәдениет үйінде көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жылдығына орай  «Мен саған ғашық  емес ем…»  атты аудандық ән байқауы өтті.

 Бұл іс-шараға ауылдық округтер бойынша сегіз үміткер қатысып, бабы мен бағын қатар сынады. Байқау шарты - ақын өлеңдеріне жазылған әнді және атыраулық, яғни жергілікті сазгерлердің әнін нақышына келтіре орындау.

Нәтижесінде, қамысқалалық Нұрдәулет Сағидолла мен исатайлық Темірхан Әзірбаев үшінші орынға ие болса, тұщықұдықтық Алхам Рамазан  екінші орынды еншіледі.Ал, байқаудың екі кезеңі бойынша жоғары бағаланған жанбайлық Айдар Бекетов бірінші орынды, нарындық Мұрат Атенов бас жүлдені қанжығасына байлады.Осылайша, жеңіс тұғырынан көрінген үш өнерпазымыз облыстық ән байқауына жолдама ұтып алды.

 

Сағыныш

Сайлаубайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT