«Менің Республикам – менің жерұйығым» байқауы жарияланды

2022 жылғы 20 қазаннан 3 қарашаға дейін TikTok әлеуметтік желісінде Республика күніне арналған «Менің Республикам – менің жерұйығым» атты студенттік байқау өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатысушылар келесі номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталады:

  1. Ең мазмұнды бейне
  2. Ең көп қаралым жинаған бейне

Ш. Авторы студент емес, мазмұнды бейнеролик үшін арнайы номинация.       

Байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Байқаудың мақсаты – әлеуеті жоғары дарынды жастарды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, сондай-ақ патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Қатысу шарттары:

Челленджге ЖОО студенттері қатыса алады, олар TikTok-қа Отанға деген сүйіспеншілікті, тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерді, халықтың мәдени құндылықтарын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді, өзінің оқу орнының әлеуетін көрсететін бейнеролик жасауы тиіс.

Шығармашылық бейнероликтерді Қазақстан Республикасының ешбір жоғары оқу орындарына тиесілі емес үш адамнан тұратын комиссия бағалайды.

Конкурсқа қатысу үшін жеке түсірілім кадрларынан немесе интернет ресурстарынан алынған бейнеролик түріндегі материалдар ұсынылады.

Ескерту:

- TikTok желісіндегі аудио тректерді, сондай-ақ өз жұмысыңыздың дыбысын пайдалануға рұқсат етіледі.

- Бейненің ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек.

- Қатысушылар #menin_respublikam2022 хэштегін қоюға, сондай-ақ бейнеролик атауында өздерінің аты-жөнін, ЖОО атауын көрсетуге міндетті.

- Дыбыстарды қолдануға, сондай-ақ мәтінге әдепсіз сөздер жазуға және біреуді қорлауға қатаң тыйым салынады. Мұндай бейнелер өтінімдер тізімінен шығарылады

Байқау қорытындысы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.          

 

Сурет ашық дереккөз

 

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика