Журналист – көптің адамы. Бұл ретте белгілі қалам иесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, 1977-1988 жылдары аудандық газетте тер төккен әріптесіміз ретінде де тонның ішкі буындай болып кеткен Мәди Өтеғалиевты ауылдастарға таныстырып жатудың өзі артық.
Жарты ғасыр бойына жазудан қол үзбей, соның нәтижесінде еңбек адамдарын ерекше көрсете, жетістік атаулыны да жұртшылыққа жеткізіп, тарихтың та талай тыңына түрен салып, әкімдік тізгінінұстаған тұстарда да қаламгерлігін қалтарыста қалдырмаған, зейнетке шықса да бұл бейнетті тірліктен бір елі ажырамай жүрген, сол еңбекқорлықпен бірнеше кітап та жаза білген Мәкең аудан айнасының 70 жылдық торқалы тойы үстінде облыс әкімінің Алғыс хатын иеленіп бір жасап қалғанды.
Енді, міне, 28 маусымдағы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесінде мерейін өсірген медаль иесі де атанды. Сөйтіп, ол Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңес Марапат Алқасының биылғы 13 маусымдағы №39 бұйрығы бойынша «Қазақ журналистикасының қай-раткері» медалін кеудесіне тақты. Мерейді өсірген медальды иесіне Қазақстан Журналистер одағы Атырау облыстық филиалы төрайымы Алма Қалусариева «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспасөз клубында өткен мерекелік жиында салтанатты жағдайда табыстады.
Әріптестің мерейі үстегені - ауданның қаламгерлер қауымының да абыройы. Ендеше марапат иесіне денсаулығыңыз мықты, жазарыңыз көп болсын деп тілек етеміз.