Мерейді өсірген мерекелік жүздесу

суреттер автордікі

 

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің редакция ұжымымен еркін форматтағы кездесу өтті. Бұл игі шараны аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.

Кездесудің шымылдығын аталмыш бөлім басшысының міндетін атқарушы Венера Мұхитова ашып, қаламы жүйрік журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады. Ақпарат майданында аянбай еңбек етіп жүрген ұжымға шығармашылық шабыт пен толағай табыс тіледі.

 

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы Арманбек Махмутов та жиынға арнайы қатысып, БАҚ өкілдерінің қоғамдағы орнына, әсіресе жергілікті ақпарат кеңістігін қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды.

 

 

 

– Баспасөз – билік пен халық арасындағы алтын көпір. Қазіргі қоғамда оның рөлі күннен-күнге артып келеді. Өйткені ол – елдің сөзі, халықтың үні. Былтыр күшіне енген  Масс -медиа туралы жаңа заң да отандық медиа саласының дамуына жаңа серпін берді. Күннен-күнге қазақ журналистикасының абыройы артып, кәсіби деңгейі биіктеп келеді. Ал «Нарын таңы» газеті – ауданның айнасы. Газет ұжымы аудан өмірінің маңызды сәттерін қалт жібермей, уақытылы әрі сапалы ақпарат таратып, ел мүддесіне адал қызмет етіп келеді. Осы жолда табанды еңбек етіп жүрген «Нарын таңы» ұжымы мен аудандық телеарнаның меншікті тілшісін шын жүректен құттықтаймын,-деп құттықтау хатын табыстады.

 

 

Мерекелік жүздесуде аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева мен аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы Нұргүл Кабулов және аудандық мәслихат төрғасы Аманжол Рахметовтың құттықтау  хаты табысталып, журналистердің еңбегін жоғары бағалады.

 

 

Жиынға қатысқан «Caspian News» телеарнасының аудандық меншікті тілшісі Ержан Шеруенов те кәсіби белсенділігі үшін алғысқа бөленді.

 

 

Шара барысында редакция құрамындағы тілшілермен қатар веб-редактор, жарнама менеджері, дизайнер сынды шығармашылық ұжымның өз ісіне жауапты сала мамандарына да жылы лебіздер арналып, Алғыс хаттар мен гүл шоқтары, естелік сыйлықтар табысталды.

 

 

Бұл – тек ақпарат таратушы емес, мазмұн қалыптастырып, қоғаммен байланысты бекемдеп отырған әр қызметкердің еңбегіне берілген лайықты құрмет еді.

 

 

Жылы жүздесу еркін форматтағы мазмұнды әңгімеге ұласып, журналистиканың маңызы мен бүгінгі тынысы жайлы пікір алмасу алаңына айналды.

 

 

Бұл – қоғамның үнін жеткізетін жандарға деген шынайы құрметтің, ілтипаттың көрінісі болды.

 

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT