Прокуратура күніне арналған турнир өтті

Исатай ауданында Қазақстан прокуратурасы күніне орай аудандық прокуротураның ұйымдастыруымен мекеме ұжымдары арасында футзалдан аудандық турнир өтті.

Ауданымызда жылда қалыс қалмайтын, соның ішінде спорттық шаралармен ерекшеленетін бұл мереке биыл да өз деңгейінде аталып өтті. «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубына қарасты спорт кешенінде ұйымдастырылған доп додасына 8 команда қатысты.

sport2

Ақтық сында екі топтан үздік танылған «Жайықмұнайгаз» бен аудандық прокуратура командаларының жолдары түйісті. Бір-біріне алдырмаған қарсыластар ойынның негізгі уақытында жеңімпазды анықтай алмай, матч соңындағы пенальтиге жүгінді. Қорытындыда мереке иелері - аудандық прокуратура құрамасы жарыс жеңімпазы атанды.

sport3

Екінші орын мұнайшыларға бұйырса, аудандық газ гаруашылығы мекемесі мен қазақтелекомдықтар бірлескен команда үшінші орынға табан тіреді. Жарыстың марапаттау салтанатында аудан прокуроры Руслан Айтимов сөз сөйлеп, спортшыларға ризашылығын білдірді. Одан соң жарыс қонақтары аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Абилхасимов, Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев, ардагер спортшы Нұрлан Хамидуллин, «Барыс» клубының директоры Асхат Жұмабеков жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ жекелеген үздік ойыншыларға марапаттар табыстады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика