Мереке қарсаңындағы марапат

 

Журналист – жауапты мамандық. Сол бір мамандықтың иесі атанып, ауыр жүгін арқалап келе жатқан қаламгер қауымның еңбегі де ерен.  Сондықтан да болар, өзге де салалардағыдай, журналист ағайындарға көрсетілер сый, берілер атақ, тапсырылар марапат аз емес Соның бірі - «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалі.

Аталған марапат қаламгер қауым өкілдеріне ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, қазақ журналистикасының қалып-тасып, даму жолына сүбелі үлес қосқаны, айрықша кәсіби біліктілігі, табандылығы, өміршең тәжірибесі, шығармашылық жетістіктері, шәкірттер дайындағаны, салаға сіңірген ерекше еңбегі үшін беріліп келеді.

Қазақстан Журналистер одағы аудандық ұйымы үш бірдей әріптесіміз - Мұрат Бектенов, Жайнарбек Бержанов және Аяпберген Салиховты осынау мәртебелі марапатқа ұсынған болатын. Енді міне, кәсіби мерекеміз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында үшеуі де аталған марапатты иеленіп, мерейімізді асырды.

Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңес Марапат Алқасының 2025 жылғы 10 маусымдағы бұйрығы негізінде берілген марапатты жерлестерімізге Қазақстан Республикасы Журналистер одағының облыстық филиалы ұйымдастырған мерекелік жиында күні кеше Мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» орденін алған ардагер журналист Төлеген Берішбай салтанатты жағдайда табыс етті.

Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT