Мүгедектігі бар жандар да белсенділік танытуда

№142 сайлау учаскесінде  853 сайлаушы тіркелген. Мүгедектігі бар 7 дауыс беруші бар.  Соның ішінде аталмыш сайлау учаскесіне тіркелеген ІІІ топ мүгедегі Құрмет Ідірісов пен Мұстафа Меңдіғалиев та маңызды күні өз таңдауын жасады.

–Иә, сайлаушылардың қатары сәт сайын артуда. Әсіресе мүгедектігі бар жандардың да сайлаудан қалыс қалмай, өз таңдауын жасауы үлкен мақтаныш. Ал үйден дауыс беруге өтініш білдірген бір ғана дауыс беруші бар. Халық сайлаған әкім елдің ертеңі үшін игілікті іс атқарарына сеніміміз мол. Жалпы сайлау қызу жүруде,-деді №142 сайлау комиссиясының төрағасы Гульшат Кабделова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521