Мүгедектігі бар жандарға мүмкіндік

 

Қазіргідей күрделі кезеңде мүгедектігі бар жандардың құқықтарының қорғалуы - көзтасада қалмауы тиіс жұмыс. Әрине, Мемлекет басшысының қыркүйектің 8-і күнгі Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» аталатын Жолдауында айтылғандай,  әлеуметтік тұрғыдағы қолдау мен көмек тек соны шынайы қажет ететіндерге ғана көрсетілуі керектігіне сөз жоқ. Жолдауда «Мемлекет өзінің негізгі міндеттерін орындаудан бас тартпайды. Бірақ әлеуметтік жеңілдіктерді қолдан көбейту – елді дамытуға, яғни мектеп, аурухана, көлік инфрақұрылымдарын  және басқа да нысандар салуға жұмсалуы қажет қыруар қаражатты желге шашу деген сөз» деді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Жұмалиевамен сұхбатымызға да сол әлеуметтік көмекті нақты қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандармен, яғни мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жайы өзек болды.

 

-Мүгедектігі бар жандармен жұмыс бүгінгідей күрделі уақытта тіптен үлкен маңызға ие десек болады. Өйткені олар да біз өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өздерінің мемлекет тарапынан қолдауда да, басқа да жағдайларда тасада қалып қоймағандарын сезінуі керек. Ауданда бұл жұмыс қалай ұйымдастырылған?

-Жалпы алғанда, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда нақты көмекті қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жүргізу – өте маңызды және жауапты іс. Олардың қоғамнан шет қалмай, жұрт қатарлы тірлік етіп, толыққанды өмір сүруі үшін әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асып келеді. Соның ішінде бұл қолдау мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек ретінде тағайындалып ұсынылады. Осы ретте арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мүгедектігі бар балаларға «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  ашылып, күнделікті қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, еңбекке жарамды мүгедектігі бар адамдар аудандық Мансап орталығының филиалы арқылы тұрақты және уақытша жұмыстарға жіберілуде. Мүгедектігі бар балаларға үйден оқыту ретінде оқу кезеніңде ай сайынғы жәрдемақы ретіндегі қаржы 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде төленіп отыр. 

 

- Мемлекет тарапынан мұндай санаттағы жандарға жасалынып отырған жеңілдіктер, арнайы іс-шаралар ауданда қалай жүзеге асып отыр? Соның ішінде, олардың өздеріне де түсінікті болуы үшін, аталған санаттағы жандарға өздеріне беріліп жатқан тиесілі көмектер, сол бағытта үкімет тарапынан алынып отырған арнайы бағдарламалар турасында тиісті түсініктер беріліп тұра ма?          

 

Жалғасы газеттің №37 (4250) санында

 

Сұхбаттасқан: Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT