МИНИСТР ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫЗБА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Атырау облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 200 орындық Мәдениет үйінің құрылысымен танысты. 

Жобаның құны 725 млн. теңгені құрайды. Нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарлануда, деп хабарлайды AtyrauPress.

Мәдени нысанның аумағында ҰЭМ басшысы ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Жергілікті халықтың айтуынша, Тұрғызба ауылынан Жем өзенінен өтетін көпір салып, өзеннің түбін тазарту қажет. Сонымен қатар, ауылішілік жолдарды салып, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы айтылды.

Тұрғындар ауылда көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесін көтерді. Министрдің айтуынша, қазақстандық ауылдарда өмір сүру деңгейі Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы, "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы және "Ауыл аманаты" жобасы шеңберінде жақсаратын болады. Барлық тірек ауылдық елді мекендер алдағы жылдары минималды тұрғын стандарттарына жеткізілетін болады.Akkistay 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521