ҚР Энергетика министрі отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстандағы ЖЖМ бағасын реттеу шараларын атап өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Алдымен, жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тиым салынды. Содан соң, ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды.
Сондай-ақ, мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды.
– Өткен жылдың тамыз айында біз тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 тг.) және лимиттер (300 литрге дейін) енгіздік. Бірақ барлық шектеулерге қарамастан, «көлеңкелі экспорт» арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылды. Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау үшін Біз шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болып отырдық, - деп атап өтті Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Оның айтуынша, ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге бару керекпіз, оны мойындау керек – бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет. Оның ішінде – АИ-92 и АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%. Сол сияқты, дизель отынының бағасын литріне – 295 теңгеге, орташа есеппен өсім – 20%.
Фото: qaz365.kz