"МИРАСТЫҚТАР" ЖАҢА ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

0 votes

 И. Тайманов атындағы тарихи өлкетану музей жанындағы "Мирас" клубының кезекті отырысы өтті.

  Оны клуб төрағасы М.Өтеғалиев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде "Мирас" клубының 2024 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары және алдағы бағдарлар туралы" мәселе қаралды. 

Онда клуб төрағасы аудан тарихында айрықша орын алатын, бірақ кезінде заман үрдісіне байланысты бұл күнде таратылған, ауданымызда бұрын жұмыс істеген кәсіпорын, мекемелердің тарихын жинақтап, тиянақтау жөнінде берілген тапсырмалардың дер кезінде орындалуы барысы жайында сөз қозғады.

 Ол "Ел есіндегі есімдер" атты жобаны жүзеге асыру мақсатында ел ішіндегі қасиетті адамдар, өнер дәстүрін жалғастырушылар, өңірдің өнегелі тұлғалары туралы жазылған тарихи құжаттарды жинақтау туралы да баяндап,

 соған барлық өлкетанушылар бірлесе отырып, біркісідей атсалысуларын тілге тиек етті. Отырыста ұсыныстар тыңдалып, ой- пікірлер ортаға салынды. Тарихи мән-маңызы зор, ескі көне суреттерге ерекше көңіл бөлулері керектігі айтылды. Өлкетанушыларға дайын материалдарды бірте-бірте аудандық музейге жібере беру міндеттелді. Соңында осы жұмыстарды пысықтап, аяқтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында клуб отырысына жиналу келісілді.

 

Аяпберген ТІЛЕШҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT