Өміршеңдігімен өзекті мәселе

 

Жалпы алғанда, тұрғын үй мәселесі тың тақырып деуге келмейді, алайда өміршеңдігімен өзекті болып саналады. Сондықтан да ол әр уақыт күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғылардың «Үйің болмай, күйің болмайды» деуінің де себебі сол болса керек. Жалпы тұрғын үй мәселесі төңірегінде бүгінде айтылар жайт аз емес, әрі оның барлығы да ұсақ-түйек деп қарауға келмейтіні және бар. Сол тұрғыда туындаған сауалдарымызға аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейісов жауап береді.

- Аудан көлеміндегі тұрғын үй қорының қазіргі жағдайы қандай? Жалпы алғанда, ауданда қанша көп қабатты және жеке тұрғын үй бар, олардың техникалық жағдайына талдау жасалына ма?

- Аудан бойынша 2025 жылға дейін 52 көп қабатты тұрғын үй болды. Аталған көп қабатты тұрғын үйлердің 3-еуі апатты деп танылғандықтан бұзылып, тұрғындары жаңа үйге көшіріліп отыр. Қазіргі таңда тағы бір көп пәтерлі тұрғын үйдің құжаттары жасақталып, анықталуы себепті аудан бойынша 50 көп пәтерлі тұрғын үй бар.

Сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлердің жер актісінен бастап техникалық құжаттары жасалып, техникалық сараптамалар жасалынып отыр. Бұдан әрі жобалық сметалар жасалып, кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

 

- Тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеу жұмыстарының сапасына жауапкершілік кімнің мойнында?

- Көп қабатты тұрғын үйлер негізінен ортақ, бірлескен меншік болғандықтан тұрғын үйлер иелері басқару нысанын таңдауы қажет. Мысалы, меншік иелерінің бірлестігі немесе тікелей бірлесіп басқаруды таңдап, тұрғын үйді күтіп ұстаумен айналысуы керек. 

Көп қабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына келетін болсақ, жұмыстың сапасын анықтау үшін арнайы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы техникалық қадағалаушыны анықтаймыз. Аталған мекеме сол нысан басында болып, ай сайын есебін беріп, қадағалайды.

 

Жалғасы газеттің №44 (4257) санында

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT